• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 13:42

Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

20 рет
көрсетілді

Президент Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Ерванд Тихонович Ильинский – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КазКСР-дің құрметті жаттықтырушысы, КСРО-ның құрметті альпинизм жаттықтырушысы, КСРО чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері.

1973 жылдан бастап СКА САВО альпинизм бойынша аға жаттықтырушысы. 1990 жылы Эверест шыңына шыққан, Қазақстанда «Жеті шың» клубының бірінші мүшесі (2007).

Ол 100-ден астам спорт шеберін даярлаған, олардың ішінде 40 халықаралық дәрежедегі шебер және 25 құрметті спорт шебері бар.

Соңғы жаңалықтар