Мемлекет Басшысының Жарлығымен Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Қажманұлы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жақып Асанов 2016-2017 жылдары Бас Прокурор, 2017-2022 жылдары Жоғарғы Сот Төрағасы қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Жақып Асанов: Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату
Сонымен қатар, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына Сенат депутаты Жанна Асанова енді. Ол Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі.