Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елена Рыбакина үш сетке созылған финалда Арина Соболенкодан 6:3, 3:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.
Жеңіске жеткен Арина Соболенко 1 511 380 доллар сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпайды иеленді. Ал Елена Рыбакина финалист ретінде қомақты ұпай жинап, әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, 2023 жылы Елена Indian Wells Open турнирінің чемпионы атанған еді.
Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды