Алматыда 2027 жылдан бастап атмосфералық ауаны қорғау қағидалары толық көлемде қолданысқа енгізіледі. Бұл талаптар кезең-кезеңімен іске асырылып, зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өзгерістер көлікке, кәсіпорындарға және жеке секторға әсер етеді. Атап айтқанда, автокөліктер үшін катализаторларды міндетті түрде пайдалану және шығарындылар нормаларын сақтау секілді бірқатар талап енгізіледі.
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
III санаттағы нысандар үшін сүзгілерді міндетті орнату, шаң басатын технология енгізу, тұрақты зертханалық өлшемдер жүргізу және экологиялық таза отын түрлеріне көшу талап етіледі.Сондай-ақ, ережеге сәйкес, қаланың газдандырылған аудандарында қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады.
Алматыда ағаш құлап, көліктер мен электр желілерін зақымдады
Бұл шаралар ауа ластануын азайтып, қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп болжанып отыр.