• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 14:10

Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді

40 рет
көрсетілді

Ұлттық банк төл валютамыздың шетелдік ақша бірліктеріне қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған байланысты басқарманың қаулы жобасы әзірленді. Құжат шетел валюталары тізімін кеңейтуге бағытталған. Жоба аясында ресми бағам белгіленетін шетел валюталарының тізімін 39-дан 48-ге дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Атап айтқанда, тізімге Вьетнам, Мысыр, Израиль, Индонезия, Қатар, Моңғолия, Оман, Пәкістан және Румынияның ұлттық валюталарын қосу ұсынылған.

Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді

Ұлттық банктің мәліметінше, бұл шешім соңғы бес жылдағы сыртқы сауда айналымы, төлемдер құрылымы және валютаға деген сұранысқа жүргізілген талдау нәтижесінде қабылданған. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың ресми бағамға қатысты өтінімдері де ескерілген.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар