• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Ақтөбе облысындағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ

40 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласындағы Жағалау көшесі бойындағы «Гүлдәурен» балабақшасында  орналасқан №119 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де жаңа Конституция жобасы бойынша өткізіліп жатқан референдумға дауыс беруге келген алғашқы тұрғындарға есігін ашты. Өз сайлау учаскесіне дауыс беруге ең бірінші болып келген облыстық  обаға қарсы күрес стансасының инженер-механигі Марат Шериповке №119 сайлау учаскесінің төрағасы Күлсім Төлембайқызы Шоқпарова сыйлық табыстады. Марат Шерипов обамен күрес мекемесінде 18 жылдан бері жұмыс істейді. Екі баланың әкесі, немерелері бар. Ол тұрғындарды бүгінгі саяси науқанға белсенділікпен қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күлсім Шоқпарованың айтуынша, осы учаскеде 3 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. Таңғы сағат 7:00 мен 7:30-дың арасында 40 адам дауыс беріп үлгерген.

Ұлытау облысының әкімі дауыс берді

Айта кету керек, Ақтөбе облысындағы 528 референдум учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап жұмысын бастады. Өңірде дауыс беру заңнамасына сәйкес 577 053 азамат дауыс беру құқығына ие. Осы уақытқа дейін ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ.

Батыс Қазақстанда «Жәңгір хан» дауыс берді

Соңғы жаңалықтар