• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Халық Бүгін, 13:36

Қазақстанда қанша әйел тұрады?

40 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі ерлер мен әйелдер санына қатысты жаңартылған мәліметтерді ұсынды. Мәліметтерге сүйенсек, елімізде 10 488 074 әйел бар, деп жазады Egemen.kz.

Әйелдердің жасы бойынша үлесі:

0-15 жас – 29,1%; 16-60 жас – 55,5%; 61 жастан жоғары – 15,4%.

Аймақтар бойынша әйелдердің ең көп саны:

Алматы қаласы – 1,2 млн; Түркістан облысы – 1 млн; Астана қаласы – 803,5 мың; Алматы облысы – 778,5 мың.

Айта кетейік, еліміздегі әйелдердің орташа жасы – 34,1.

8 наурыз қарсаңында пойыздағы әйелдерге сыйлықтар таратылды

Ал еліміздегі әйелдердің – 48%-ы, яғни 4,4 млн әйел жұмыс істейді. Оның ішінде 35-44 жас аралығында жұмыс істейтін әйелдер саны басым. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес – 50%. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес – 45%.

8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

Жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санындағы жұмыс істейтін салалардағы үлесі:

Білім – 20%; Сауда – 19%; Денсаулық сақтау – 10%; Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі – 50,8%.
Соңғы жаңалықтар