• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 10:52

Иранда жұмыс істейтін тағы 7 отандасымыз елге жеткізіледі

20 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік мәліметінше, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының 12 әуе рейсі арқылы 3300-ден астам отандасымыз елге оралған.Азаматтарды қақтығыс аймағынан шығару басқа да тәсілдермен жүргізіліп жатыр. Ирандағы дипломаттар 6 наурызда «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін 7 Қазақстан азаматын иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлап отыр. Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған «Заркух» компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырып, олар автобуспен иран-армян шекарасынан өткен еді. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.

«Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, шиеленіс аймағындағы отандастарымызбен тұрақты байланыста болады», делінген Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада. 

Еске сала кетейік, Израиль 28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранға соққы жасады. Дубай, Абу-Даби және Рас-эль-Хаймада жүрген Қазақстан азаматтары рейстердің тоқтатылуына байланысты елге қайта алмай отыр. Ал «Қазпошта» Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты халықаралық пошта жөнелтілімдеріне уақытша шектеулер қойылғанын мәлімдеді.

Бүған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 13 рейс тоқтатылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс және «жедел желі» нөмірлерінің іске қосылғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар