Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 4 наурызда ауа райының нашарлауына байланысты келесі тасжол учаскелерінде жүк және қоғамдық көліктерге қозғалыс шектелді:
Ақмола облысы
«Астана – Көкшетау – Петропавловск – РФ шекарасы» автожолының 304-341 км учаскесі (Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін).
Солтүстік Қазақстан облысы
«Астана – Көкшетау (айналма жолмен) – Петропавловск – РФ шекарасы (Жаңа Жол КПП)» автожолының 341-473 км учаскесі (Ақмола облысы шекарасынан Бескөл ауылына дейін).
Жол қозғалысының болжамды ашылу уақыты: 2026 жылғы 5 наурыз, сағат 08:00.
Батыс Қазақстан облысы
«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 393-526 км учаскесі (Жымпиты – Ақтөбе облысы шекарасы).
Жолдың болжамды ашылу уақыты: 2026 жылғы 5 наурыз, сағат 09:00.
Ақтөбе облысы
«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-702 км учаскесі (Маржанбулак – Батыс Қазақстан облысы шекарасы);
«РФ шекарасы (Жайсан КПП) – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Қытай шекарасы (Нұр Жолы КПП)» автожолының 0-77 км учаскесі.
Жолдың болжамды ашылу уақыты: 2026 жылғы 5 наурыз, сағат 09:00.
Сонымен қатар, кейбір аймақтарда барлық автокөліктерге қозғалыс шектелген:
Солтүстік Қазақстан облысы:
Астана – Көкшетау – Петропавловск – РФ шекарасы (Жаңа Жол КПП) 492-522 км;
Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (Кайрак КПП) 768-856 км;
Жезқазған – Арқалық – Петропавловск 595-946 км;
Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық КПП) 50-280 км;
Көкшетау – Рузаевка 61-196 км;
Қостанай – Мамлютка 305-406 км;
Петропавловск – Соколовка – РФ шекарасы (Қызыл Жар КПП) 11-73 км;
Петерфельд – Архангельское – Новокаменка 0-31 км;
Булаево – Возвышенка – Молдагвардейское – Кирово – Киялы – Рощинское 0-228 км;
Рощинское – Корнеевка – Волошинка 0-87 км;
Волошинка – Сергеевка – Тимирязево 0-119 км;
Қарасай батыр мемориалына кіретін жол 0-24 км;
Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысы шекарасы 0-32 км;
РФ шекарасы (Каракога КПП) – Петропавловск 0-120 км.
Ақмола облысы:
Жезқазған – Арқалық – Петропавловск 552-595 км;
Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы 2-50 км;
Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы 346-407 км;
Көкшетау – Рузаевка 0-61 км.
Қостанай облысы:
Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Карабутак 234-501 км
Жолдардың болжамды ашылу уақыты: 2026 жылғы 5 наурыз, сағат 08:00–09:00.
Ақтөбе облысы:
Ақтөбе – РФ шекарасы (Алимбет КПП) 39-136 км;
РФ шекарасы – Ақтөбе – Карабутак – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Қытай шекарасы 776-965 км;
Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Карабутак 5-234 км.
Жолдардың болжамды ашылу уақыты: 2026 жылғы 5 наурыз.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды