Синоптиктердің болжамына сәйкес, 4 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғып және көктайғақ болады. Кей аймақтарда тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні түнде 3-8, күндіз 9-14 метр/секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз.
Алматыда түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жауады, сондай-ақ тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде 1 градус, күндіз 6-8 градус жылы.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстантан соғатын желдің екпінін 8-13 метр/секундқа дейін жетеді. Түнде 2-4 градус аяз, күндіз 15-17 градус жылы.
Ақмола облысының батысында аздап қар жауады, солтүстігі мен шығысында тұман болады. Желдің екпіні күндіз 15-20 метр/секундқа дейін жетеді. Түнде 12-17 градус аяз, күндіз 2-7 градус аяз.
Көкшетауда жауын-шашынсыз, түнде ауа 19-21 градус, күндіз 4-6 градус аяз.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз қар жауып, боран соғады. Түнде 18-23 градус аяз, күндіз 4-9 градус аяз.
Петропавлда жауын-шашынсыз, түнде 18-20, күндіз 7-9 градус аяз.
Қостанай облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Түнде 10-15 градус аяз, күндіз 0-5 градус аяз.
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Павлодар облысында түнде 18-23, кей жерлерде 27 градус аяз күтіледі.
Қарағанды облысының кей бөлігінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Түнде 11-16 градус аяз, күндіз 2-7 градус аяз.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі. Ал Жезқазғанда түнде 5-7 градус аяз болады.
Шығыс Қазақстан облысында қар, боран күтіледі. Өскеменде қар жауады, күндіз 8-10 градус аяз болады.
Абай облысында қар мен боран соғады. Ал Семейде түнде 16-18 градус, күндіз 11-13 градус аяз күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында қар, боран, көктайғақ болады. Ауа температурасы 15-20 градус аяз. Оралда түнде қар жауып, боран соғады.
Атырау облысында ауа температура 3-8 градус аяз, солтүстігінде 12-17 градус аяз күтіледі.
Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Ал Ақтауда күндіз боран соғады.
Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Қонаевда түнде жауын-шашын болып, тұман түседі. Ал Талдықорғанда түнде 1-3 градус аяз болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Күндіз 14-16 градус жылы.
Қызылорда облысының батысында жаңбыр мен қар жауады. Күндіз 7-9 градус жылы.
Жамбыл облысының шығысында және таулы өңірлерінде жауын-шашын, көктайғақ болады. Ал Таразда күндіз 13-15 градус жылы болады.
Синоптиктер боран, тұман және көктайғақ кезінде жолда сақ болуға шақырады. Әсіресе батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде ауа райы құбылмалы болмақ.
Наурыз айында ауа райы қандай болады?