• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:17

Азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды

10 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау шаралары күшейтілді. 2026 жылдың басынан бері өңірде 20-ға жуық кәсіпкер шекті рұқсат етілген сауда үстемеақысын асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бюджетке жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әңгіме мемлекет үстемеақы көлеміне шектеу қойған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізіміне енгізілген өнімдер туралы болып отыр. Тексеру барысында картоп, сәбіз, күріш, алма және басқа да негізгі тұтыну тауарларының бағасын негізсіз көтеру деректері анықталған. Кейбір сауда нүктелерінде үстемеақы мөлшері белгіленген деңгейден 50 пайыздан асып кеткен.

Үкіметте дәрі-дәрмектің шекті бағасын қалыптастыру мәселесі қаралды

Бақылау шаралары Мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған электрондық шот-фактуралар негізінде жүргізілген. Мамандар тауардың сатып алу құнын дүкендердегі соңғы сатылым бағасымен салыстырып, нақты қолданылған үстемеақы көлемін анықтаған. Мұндай тәсіл тек қаржылық құжаттарға сүйенуге мүмкіндік беріп, тексеру барысында субъективтілікті болдырмайды.

Ведомство мәліметінше, баға шектеулерінің сақталуы тұрақты бақылауда. Мониторинг ірі сауда желілерін де, шағын дүкендерді де қамтиды. Заңбұзушылық анықталған жағдайда кәсіпкерлерге оны жою туралы нұсқама беріліп, әкімшілік айыппұл салынады.

Мамандар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу ең алдымен халықтың, әсіресе әлеуметтік осал топтардың мүддесін қорғауға бағытталғанын атап өтеді. Нарықтағы құбылмалылық пен шығындардың өсуі жағдайында мемлекет бірінші кезектегі азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеуге күш салады.

Атырауда азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды

Соңғы жаңалықтар