• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 10:10

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция – болашақтың стратегиялық таңдауы

20 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов ел газетіне жариялаған «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласында жаңа Ата заңның мәніне тоқталды. Оның айтуынша, жоба Мемлекет басшысының бастамасымен өткен ашық талқылаулар нәтижесінде дайындалған, деп жазады Egemen.kz.

«Бүгінде Қазақстан дамудың тарихи кезеңінде тұр. Мемлекет басшысының бастамасымен кең ауқымды ашық талқылау қорытындысы бойынша сарапшылардың және ғылыми қауымдастықтың, қоғамның барлық сала өкілдерінің пікірі ескерілген еліміздің түбегейлі жаңа Конституциясының жобасы әзірленді. Жаңа Ата заңымыздың басты ерекшелігі – оның өршіл рух пен кемел келешекке деген ұмтылысында. Құжат халықтың арман-мұратымен үндесіп жатыр», деді Үкімет басшысы.

Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл

Мақалада жаңа Конституция мазмұны елдің ұзақмерзімді даму мақсаттарымен сабақтас екені атап көрсетілген. Құжатта мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы – Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық бағдарлар көрініс тапқаны айтылған. Тұрақты даму негіздерін қалыптастыру, бірнеше буынның қауіпсіз өмірін қамтамасыз ету басым бағыт ретінде белгіленген.

Президент – жаңа Конституцияның негізгі авторы

«Онда мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы ұзақмерзімді тұрақты дамуының берік негізін қалап, бірнеше буын ұрпақтың амандығы мен қауіпсіз өмірін қамтамасыз етудегі ерік-жігері айқын көрініс тапқан. Мен еліміздің азаматтары дұрыс таңдау жасап, Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, Қуатты, Әділетті, Өркендеген Қазақстанды құруға өз үлесін қосатынына сенімдімін», деді Олжас Бектенов.

Қазақстанда 1,3 мыңнан астам жаңа мектеп салынды

Осылайша, жаңа Конституция жобасы елдің стратегиялық дамуына қатысты негізгі қағидаттарды жүйелеуге бағытталған құжат ретінде ұсынылды.

 
Соңғы жаңалықтар