• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жемқорлық Бүгін, 17:45

Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды

20 рет
көрсетілді

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросы қызметкерлерінің және Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің көмегімен пара беру дерегі бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматы елге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол жеке кәсіпкер ретінде полиция қызметкеріне қылмыстық жауапкершіліктен құтылу және өзіне тиесілі массаж салонының кедергісіз жұмысын жалғастыру үшін ақшалай сыйақы берген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті ізін жасырып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Көлік сатамын деп халықты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды

2026 жылдың наурыз айында ол Рустави қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Астанада 73,5 миллион теңге пара беру ісіне қатысты үкім шықты

Қазіргі таңда ол тергеу изоляторында қамауда отыр.

Заңнамаға сәйкес, оған тағылған айыптар бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды

Соңғы жаңалықтар