Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Премьер-министр Олжас Бектеновтың «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласы жарияланды. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері туралы жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет басшысы өз мақаласында мектеп инфрақұрылымындағы қордаланған проблемаларды жою туралы сөз еткен. Оның айтуынша, кейінгі жеті жылда 1 300-ден астам жаңа мектеп салынды, апатты және үш ауысымды білім ошақтарының саны айтарлықтай азайып, материалдық-техникалық база жаңартылды.
«Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ғана 2023 – 2025 жылдары бүкіл еліміз бойынша ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 217 мектеп салынды. TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне сәйкес, Қазақстан мұғалімдердің еңбекақысымен қанағаттану деңгейі бойынша әлем елдерінің үздік бестігіне кірді. Егер 2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жетті. Еліміздегі педагогтердің 95%-ы өз жұмысына көңілі толатынын айтты», делінген мақалада.
Сондай-ақ мақалада мектепке дейінгі ұйымдар желісі де кеңейіп, олардың қатары 12 мыңға жеткені жазылған.
Оралда 79 балабақша мен 36 мектеп салынады
Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады.
Елімізде 200-ден астам жаңа мектеп салынады