Батыс Қазақстан облысындағы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қазақстандық филиалы қоршаған ортаны ластағаны үшін 2 млрд теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Облыстық экология департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізіп, компания тарапынан рұқсат етілген мөлшерден асып кеткен эмиссиялар фактісін анықтаған. 2024 жылғы мониторинг нәтижелері бойынша кәсіпорын атмосфераға зиянды заттарды шамадан тыс шығарып, ағынды суларды белгіленген нормативтен артық төккені белгілі болды.
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аталған заңбұзушылықтарға байланысты компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы салынған айыппұл сомасы 2,07 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытта айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі аяқталған жоқ.
Сонымен қатар құзырлы орган компанияға нормативтен тыс шығарындылар мен төгінділердің себептерін жан-жақты талдап, алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Атырауда топыраққа мұнай төккен компанияға 2,3 млн теңге айыппұл салынды