• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 17:11

Kaspi.kz Таяу Шығыста қалған отандастарымызға қаржылай көмек көрсетеді

20 рет
көрсетілді

Таяу Шығыс аймағындағы әскери-саяси жағдай күрт шиеленісіп, бірқатар елдерде әуе кеңістігі уақытша жабылды, рейстер кейінге шегерілді немесе тоқтатылды. Соның салдарынан халықаралық бағыттарда сапарлаған жолаушылар, оның ішінде қазақстандық азаматтар да шетел әуежайларында кідіріп қалды. Кейбірі демалыс елдерінен қайта алмай отырса, енді бірі транзиттік аймақта ұзақ уақытқа тоқтауға мәжбүр болды, деп жазады Egemen.kz.

Осындай күрделі жағдайда Kaspi.kz өз клиенттеріне қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдады. Компания Kaspi Travel сервисі арқылы «бару-қайту» бағытында тур немесе әуе билетін сатып алған және қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген не транзиттік жолаушы ретінде сол өңірде қалып қойған азаматтарға материалдық көмек көрсетеді.

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Мәжбүрлі түрде өңірде болған кезеңде Kaspi Gold картасына күн сайын қаржылай қолдау аударылады. Әрбір ересек адамға тәулігіне 35 мың теңге, әр балаға 15 мың теңгеден төленбек. Бұл қаражат азаматтардың уақытша тұру, тамақтану және басқа да күнделікті шығындарын өтеуге бағытталған.

Иранда жүрген қазақстандықтар елге қалай оралады?

Компания клиенттерімен тұрақты байланыс орнатып отырғанын атап өтті.

«Kaspi.kz өз клиенттерімен тұрақты байланыста және оларды қолдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап отыр», делінген ресми мәлімдемеде.

Ұлыбритания, Германия және Франция Иранға ескерту жасады

Сондай-ақ Kaspi.kz азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, қауіпсіз орындарда болуға, Қазақстан  елшіліктері мен консулдықтарымен байланысын үзбеуге және ресми органдардың нұсқауларын орындауға шақырады. Компания ахуалдың дамуын жіті бақылап, қажет болған жағдайда қосымша қолдау шараларын қабылдайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар