• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мектеп Бүгін, 12:02

Абай облысында 6-сынып оқушысы смарт-сөмке ойлап тапты

20 рет
көрсетілді

Абай облысының Аягөз қаласындағы №5 мектептің 6-сынып оқушысы Малика Тұрсын заманауи технологиялармен жабдықталған смарт-сөмке жасап шығарды. Алғаш көргенде кәдімгі рюкзакқа ұқсайтын бұйымның басты ерекшелігі – балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған функцияларының болуы, деп жазады Egemen.kz.

Жас өнертапқыш идеяны технология пәнінің мұғалімімен бірге талқылап, сөмкенің қызметінен бастап сыртқы келбетіне дейін мұқият пысықтаған.

Арманын ғарышқа самғатқан жас өнертапқыш

Оқушының айтуынша, ол ерекше дүние тігуді мақсат еткен. Отбасында қолөнерге жақын жандар көп болғандықтан, бұл сала оған таңсық емес. М. Тұрсын мұғалімімен ақылдаса келе, балалардың қауіпсіздігіне мән беруді жөн көрген. Яғни, жобада қауіпсіздікке басымдық берілген. 

Нәтижесінде смарт-сөмкеге: – GPS-трекер, – кіріктірілген powerbank, – жарық шағылыстыратын элементтер орнатылған.

Сөмке дизайнына қазақы ою-өрнек енгізілген. Осылайша, жоба ұлттық нақыш пен заманауи технологияны үйлестірген.

Жоба жетекшісі Әсел Қоңырбаева сөмкенің әр бөлшегі мұқият таңдалғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, кейде балалар үйге кеш қайтады – сондықтан жобаға жарық шағылыстыратын элементтер қосылған. Ал GPS-трекер арқылы ата-ана баласының қай жерде екенін біле алады.

Жобаға «Ayagoz Brand Smart» атауы берілген. Оқушы өз туындысын түрлі деңгейдегі байқауларға ұсынып, жүлделі орындарға ие болған. Қазірдің өзінде үш смарт-сөмке тігілген.

Елордада жас өнертапқыштар жарысы өтті

Сыныптастары да жаңа өнімге қызығушылық танытып отыр. Олардың айтуынша, ұлттық стильдегі әрі телефон қуаттауға мүмкіндік беретін сөмкелерге сұраныс жоғары болмақ.

Малика енді өз өнімінің кеңінен танылып, дүкен сөрелеріне қойылуын армандайды. Бұл жоба – оқушы шығармашылығын қолдаудың және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің нақты үлгісі.

Жас өнертапқыштардың әлеуеті: Идеялар неліктен өндіріске жетпей қалады?

Соңғы жаңалықтар