Түркістанда полицейлер жол ережесін бұзған 700-ден астам жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркістанда полицейлер дронды қолданып, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерді анықтады.
Яғни рейд барысында 1000-ға жуық автокөлік тоқтатылып, 700-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Оларға тиісті шаралар қабылданды.
Дронмен бақылау – құқық бұзушылықтарды нақты әрі жедел тіркеуге мүмкіндік беруде.
Полиция жылды қорытындылады: Нәтиже қандай?
Тәртіп сақшылары барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және ортақ қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Түркістан облысында дрон арқылы рейдтік іс-шаралар әрі қарай да жалғасады.Полиция Threads желісіндегі таныстықтан сақ болуға шақырды