• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 18:30

Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады

10 рет
көрсетілді

2026 жылғы 27 ақпан, жұма күніне арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды синоптиктер ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидромет дерегінше, түнде республиканың екі өңірінде қатты аяз күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -40°С-қа дейін, Қарағанды облысының шығысында -35°С-қа дейін аяз күтіледі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады. Соның әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Ал оңтүстік өңірлерде, сондай-ақ елдің орталығы мен шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түседі, оңтүстік өңірлерде кей уақытта нөсерлі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ пен боран болжанып отыр.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел екпіні кей уақытта 25-28 м/с-қа дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар