Америкалық «U.S. News & World Report» басылымының сарапшылары зейнеткерлік демалыста өмір сүруге ең қолайлы елдердің кезекті рейтингін жариялады. Осы зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері арасында 77-орынға жайғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рейтинг 17 мыңға жуық адамның қатысуымен өткен ауқымды сауалнама негізінде жасалған. Қатысушылар елдерді жеті негізгі критерий бойынша бағалады: өмір сүру құны, салық жүйесі, халықтың мейірімділігі, жайлылық, климат, меншік құқығын қорғау және медицина сапасы.
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?
Жалпы тізімдегі 89 мемлекеттің ішінде Қазақстан 77-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз көршілес мемлекеттерден айтарлықтай алда:
Әзербайжан – 81-орын; Өзбекстан – 84-орын; Украина – 85-орын; Беларусь – 87-орын; Ресей – 89-орын (соңғы орындардың бірі).Зейнетақы қорындағы ақша: Бес жылғы тәжірибеден не ұқтық?
Әлемдік көшбасшылар қатарында Швейцария, Жаңа Зеландия және Португалия тұр. Айта кетерлік жайт, Ганна (75-орын) мен Гондурас (63-орын) сияқты елдер Қазақстаннан біршама жоғары сатыға жайғасқан.
Зейнетақы төлемі кешікпеуі үшін не істеу қажет?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) мәліметтеріне сүйенсек, елімізде зейнетақы алушылардың саны 1,52 млн-ға жеткен.