Бельгияның «106.3 AFM» радиостанциясы әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған кеңейтілген екі сағаттық арнайы бағдарлама жариялады. Халықаралық деңгейде өткен бұл эфирді әлемнің алты құрлығының тұрғындары онлайн режимде тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Радиостанция ұжымы бұл шығарылымды әншінің жанкүйерлері үшін нағыз мерекеге айналдырды. Эфир барысында Димаштың репертуарындағы үздік сегіз туындымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалды.
Димаш Құдайберген 70 аспабын музейге тапсырды
Бағдарламаға Бельгиядағы Димаштың өнер сүйер қауымы, Қазақстанның осы елдегі елшілігінің өкілі және Еуропада білім алып жатқан студенттер қатысып, әншінің феномені туралы ой бөліскен.
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
Эфирдің ерекшелігі – тікелей байланыс (интерактив) форматында өтуінде болды. Әлемнің түкпір-түкпірінен тыңдармандар «Twitch» платформасы арқылы сұрақтарын жолдап, жүргізушілер ең қызықты сауалдарды әуе толқынында жариялап отырды. Айта кетейік, аталған бағдарламаның жазбасы радиостанцияның YouTube-арнасында жарияланды.
Түркістанда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы басталды