• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 11:07

«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?

10 рет
көрсетілді

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Альваро Арбелоа Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Бенфикаға» қарсы қарымта матчта Киллиан Мбаппе неге ойнамағанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше испаниялық «Реал Мадрид» өз алаңында португалиялық «Бенфиканы» қабылдады. Аталған қарымта матчта шабуылшы Мбаппе алаңға шықпады. Бас бапкердің айтуынша, мұндай шешім шабуылшының денсаулық жағдайына байланысты қабылданған. Бапкер ойыншыны тәуекелге тігуге болмайтынын атап өтіп, клуб барынша сақтық танытқанын жеткізді.

«Қазір жай ғана жайсыздық пен нақты жарақаттың аражігін ажырату қиын. Мұндай жағдайда ең дұрыс шешім – тоқтап, толық қалпына келуіне уақыт беру. Ол ойнай алмайды, бірақ жақын арада алаңға оралады деп үміттенеміз», деді Арбелоа.

Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» португалиялық «Бенфикадан» басым түсті

Қарымта кездесу тартысты өтті. Соған қарамастан, мадридтіктер 2:1 есебімен жеңіске жетіп, екі матчтың қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама алды.

УЕФА Темірлан Анарбековты Мбаппе мен Холандтың қатарына қосты

Айта кетейік, Мбаппе бұл ойында тізесінен жарақат алуына байланысты қатысқан жоқ.

Роналдудың рекорды қайталанды: Мбаппе бір маусымда 11 гол соқты

Соңғы жаңалықтар