• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:53

Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды

20 рет
көрсетілді

Алматыда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ұсталған азамат АИТВ жұқтырған болуы мүмкін. Аталған іске қатысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

«Күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізіліп жатыр», деді С. Әділов Мәжілістегі брифингте.

Қостанай облысында 13 жастағы қыз баланы зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Айта кетейік, 22 ақпанда адвокат Ләззат Ракишева қылмыс 2025 жылғы 1 қыркүйекте болғанын хабарлаған еді. Зорлық-зомбылықтың құрбаны 13 жастағы қыз болған. 

Қарағандыда 12 жастағы өгей қызын зорлады деп айыпталған адам 20 жылға сотталды

Соңғы жаңалықтар