• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инфрақұрылым Бүгін, 09:55

Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды

10 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы прокуратурасында облыс прокурорының тұрақты жеке қабылдауы өткізіліп келеді. Осындай кездесулердің бірінде Сабалақ саяжайының тұрғындары елді мекенге табиғи газ тарту мәселесін көтерген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғындардың өтініші назарға алынып, облыс әкімдігі мен прокуратураның бірлескен жұмысы нәтижесінде Сабалақ елді мекені көгілдір отынға қосылды.

Газға қосу рәсіміне облыс прокуроры Ризабек Ожаров, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?

Жоба аясында 3,2 млрд теңге қаржы бөлініп, 1 694 тұрғын үй табиғи газбен қамтылды. Бұл бастама халықтың тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айтарлықтай ықпал етеді.

Соңғы жылдары Сабалақ саяжайында инженерлік инфрақұрылым жүйелі түрде дамып келеді. Елді мекенге ауыз су тартылып, электр желілері жүргізіліп, жолдар жөнделді. Алдағы уақытта басқа да саяжай аумақтарына кезең-кезеңімен инфрақұрылым жеткізу жоспарланып отыр.

Павлодарда автогаз бекеттерінің үштен бірінде заңбұзушылықтар тіркелген

Соңғы жаңалықтар