• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 20:32

Ақтөбе облысында жас мұғалім өлі күйінде табылды

10 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының Темір ауданында жас мұғалімнің мәйіті үйінің ауласынан табылды. Бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қайғылы оқиға Еңбекші ауылында болды. Полиция мәліметінше, 2002 жылы туған жас жігіттің мәйіті үй ауласынан табылған.

«Темір аудандық полиция бөлімі 2002 жылы туған жас жігіттің қаза болуы фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Басқа ақпарат тергеудің мүддесі үшін жарияланбайды», деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Білім басқармасы қаза болған адамның тарих пәнінің мұғалімі екенін растады.

Атырау облысында 10-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр

«Қаза болған адам тарих пәнінің мұғалімі болды. Жұмысын Маржанбұлақ ауылынан бастаған. 2025 жылдың ақпан айынан бастап Еңбекші ауылындағы мектеп-балабақшада жұмыс істеді. Міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, басшылық тарапынан оған ешқандай ескерту болмаған», деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, жас мұғалім ағасының үйінде тұрған, ал ата-анасы Ақтөбеде тұрады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл өз-өзіне қол жұмсау жағдайы болуы мүмкін.

Белгілі кәсіпкердің өлімі: Басты күдіктіге сот үкімі шықты

Соңғы жаңалықтар