• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Дін Бүгін, 16:33

Ораза ұстаудың қандай әдептері бар?

10 рет
көрсетілді

Рамазан – қасиетті ай. Сондықтан ораза ұстаудың өзіндік әдептерінің сақталуы маңызды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғалымдар бекіткен Рамазан оразасының әдептерін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Тезірек ауыз ашу

Ораза ұстайтын уақыт таң намазында басталып, шам намазында аяқталады. Сондықтан шам намазының уақыты кіре салысымен намазды да оқымай тұрып ауыз ашқан жақсы. Өйткені құдси хадисте Алла Тағала: «Ауыз ашуға асыққан құлдарымды бәрінен де қатты жақсы көремін», деген (Термизи). Бірақ бұл намаздан бұрын тамақтанып алу дегенді білдірмейді. Мұны «тек жеңіл түрде ауыз ашу» деп атасақ болады. Оның толық бейнесін мына бір хадистен байқауға болады: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаз оқымай тұрып жаңа піскен құрмамен ауыз ашатын. Егер ондай құрма таппаса, кепкен құрмамен ашатын. Ал егер ол да болмаса, бір-екі жұтым су ішетін еді» (Әбу Дәуіт). Сондай-ақ ауыз ашатын құрманың саны тақ болғаны жақсы. Мысалы, бір, үш немесе бес құрмамен ауыз ашу. Құрмамен ауыз ашудың артықшылығын білдіретін тағы бір хадисте: «Құрмамен ауыз ашыңдар. Өйткені құрмада береке бар», деп айтылған (Термизи). Сондай-ақ құрма жеп, артынан су ішсе де әдептен асқан болмайды.

Ауыз ашқанда дұға тілеу

Дұғаның қабыл болу ықтималдығы жоғары болатын уақыттар бар. Соның бірі – ауыз ашатын кез. Бұл жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза ұстаған адамның ауыз ашқан уақытта тілеген дұғасы қабыл болады», деп айтқан (Ибн Мәжа). Бұл жерде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арнайы жасаған дұғалар болғанымен, тек соны ғана жасау керек деген шарт жоқ. Сондықтан әркім өзінің дүниесі мен ақыретіне қатысты кез келген дұғаны жасай берсе болады. Әрі оның арабша болуы да міндетті емес.

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Сәресі ішу

Сәресі – берекелі сүннет. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сәресі ішіңдер! Шынында сәресіде береке бар», деп айтса (Бұхари), тағы бір хадисте: «Біздің оразамыз бен кітап иелерінің (яһудилер мен христиандардың) оразасының айырмашылығы – біздікілер сәресі ішеді», деп айтқан (Дарими). Сондай-ақ сәресі уақытында тұрып бір жұтым су ішсе де, сәресі ішкен болып саналады.

Биыл пітір садақа мөлшері қанша теңге?

Көп Құран оқу

«Рамазан» сөзі Құранда бір-ақ жерде кездеседі. Соның өзінде «Рамазан – Құран түскен ай» («Бақара» сүресі, 185-аят) деп оны Құранмен байланыстырады. Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза мен Құран Қиямет күні пендеге шапағат етеді», дейді (Ахмад). Сондықтан Рамазан айында оразадан кейінгі ең сауапты іс – Құран оқу. Оқи алмаса тыңдау. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мен басқалардың Құран оқығанын тыңдағанды жақсы көремін», деген де сөзі бар (Әбу Дәуіт).

Рамазан айына 1 күн қалды

Көп садақа беру

Рамазан жақсы істе жарысатын ай болса, ондағы жақсы істердің бірі және бірегейі – садақа беру. Онсыз да сауабы мол ғибадат Рамазан айында одан сайын сауапты бола түседі. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ең абзал садақа – Рамазан айында берген садақа», деп айтқан (Термизи). Сондықтан Рамазан айында жан басына белгіленген пітір садақасынан бөлек ораза ұстаған жандар шама-шарқына қарай нәпіл садақаларды көбірек берген жақсы.

Соңғы жаңалықтар