Діни басқарма бекіткен 2026 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні 19 ақпанға сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кестеге сәйкес биыл ораза 29 күнге созылады.
Мұсылман хакімдері адамның органикалық асқазаны секілді, рухани асқазаны да бар екенін түсіндіреді. Рамазан тән тоятынынан уақытша тыйғанымен, адамның жанын «семіртетін» қасиетті ай екенін жеткізеді. Бұл уақытта ауыз бекіткен, сондай-ақ белгілі себептермен бекіте алмаған Мұхаммед үмбеті жаман істерден тыйылып, өзін-өзі тазартуға, кемелдендіруге тырысу қажет.
Айта кетейік, діни басқарманың бекітуімен биылғы жылдың пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 735 теңгені құрады.
Еске салайық, Рамазан айы қарсаңында жаңа Telegram-бот іске қосылды. Халық шариғатқа қатысты сұрақтарын сонда жолдап, лезде жауап ала-алады.