• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 18:49

Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?

10 рет
көрсетілді

2026 жылғы наурызда ел тұрғындары Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамының арқасында айдың жартысына жуық уақытын демалыспен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні – 10 наурыз, сейсенбі.

8 наурыздағы демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз – қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз - жұмыс күні; аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз – жұмыс күні, 8 және 9 наурыз – демалыс күндері, 10 наурыз – жұмыс күні.

Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер:

21 наурыз – сенбі; 22 наурыз – жексенбі; 23 наурыз – дүйсенбі.

Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.

Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 21-25 наурыз – бес күн қатарынан демалыс (сенбі-сәрсенбі); аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс күндері, 25 наурыз – жұмыс күні.
Соңғы жаңалықтар