• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 17:58

Елімізге Азиядан келетін инвестиция көлемі 68 млрд долларға жетті

10 рет
көрсетілді

Кейінгі жылдары елімізге Азия елдерінен келетін инвестиция көлемі айтарлықтай артты. Еуразиялық даму банкінің дерегінше, әсіресе біздің ел Орталық Азиядағы негізгі инвестиция қабылдаушы елдердің біріне айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Жалпы алғанда, 2016 жылдан бастап 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін Азия елдерінен Еуразиялық өңірге тартылған жинақталған инвестициялар көлемі 2,3 есеге өсіп, 29,9 млрд доллардан 68 млрд долларға жеткен. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Инвесторларға Орталық Азия барған сайын қызықты өңірге айналып келе жатқанын осы сандардың өзі-ақ аңғартады.

Президент: Жаңа әрі сапалы инвестиция тартуға арналған біртұтас стратегия қажет

2025 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша, Азиядан келген барлық жинақталған тікелей инвестицияның 57%-ы дәл Орталық Азия елдеріне тиесілі болған. Елдерге жеке-жеке қарасақ, инвестиция көлемі жағынан Өзбекстан алдыңғы орында тұр. Бұл елге Азиядан 22,6 млрд доллар тартылған. Одан кейін Түрікменстан келеді, онда инвестиция көлемі 20,6 млрд долларды құраған. Қазақстан бұл тізімде 19,3 млрд доллармен 3-орында тұр. Қалған үлес Қырғызстан мен Тәжікстанға тиесілі.

2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2,5 есе артады

Еліміздің экономикасына салынған 19,3 млрд доллардың негізгі бөлігі Қытай, Парсы шығанағы елдері, Түркия және Үндістан компанияларынан келген. Кейінгі жылдары әсіресе Парсы шығанағы елдерінің белсенділігі артып, инвестициялық өсімнің маңызды қозғаушы күшіне айналғаны байқалады.

Технологиялық алпауыттар жасанды интеллектіге 700 млрд доллар инвестиция салды

Салалар бойынша да айтарлықтай өзгеріс бар. Бұрын Азия инвестициясының негізгі бөлігі шикізат секторына бағытталса, қазір жағдай өзгеріп келеді. 2025 жылдың ортасына қарай өңдеуші өнеркәсіп алдыңғы қатарға шығып, өзара тікелей инвестициялардың елеулі бөлігін құраған. Сонымен қатар энергетика саласы да инвесторлардың назарын көбірек тарта бастады. Әсіресе электр энергетикасы мен жаңартылатын энергия көздері жаңа инвестициялық бағыт ретінде қалыптасып отыр.

Соңғы жаңалықтар