• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 17:21

Онлайн-курстар сататын блогерлерге сертификаттау талабы қойылуы мүмкін

20 рет
көрсетілді

Елімізде онлайн-курстар мен білім беру мазмұнын әзірлейтін авторларға қатысты жаңа талаптар енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздікті күшейту мақсатында онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заң жобасы әзірленген. Сонымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де тиісті түзетулер ұсынылған.

Астанада заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерлер үйқамаққа алынды

Жаңа бастамалар онлайн-білім беру саласындағы контенттің сапасын арттыруды, сондай-ақ қоғамға ұсынылатын оқу өнімдерінің жауапкершілік аясын кеңейтуді көздейді. Аталған заң жобасы қабылданған жағдайда, интернет арқылы білім тарататын авторларға қойылатын талаптар күшейеді.

Депутат: Өзгелерді кемсітіп сөйлейтін блогерлерге қылмыстық жаза қолдану керек

Айта кетейік, өзге елдерде бұл тәжірибе бар. Мысалы Қытайда медицина, заң, қаржы немесе білім тақырыбында видео не жазба жариялау үшін міндетті түрде диплом немесе арнайы сертификат керек.

Соңғы жаңалықтар