Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң. Бұл пікірді Ақтау қалалық мәслихат депутаты Риза Сүйіндік айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Заңның орындалуы біздің ортақ жауапкершілігіміз. Жалпы Конституцияны тек мереке күні еске алатын құжат емес, күнделікті құқықтық қорған болуы керек деп ойлаймын. Жалпы Конституцияны түсінген жас ертеңгі шешім қабылдайтын азамат деп өзі түсінуі керек. Өз құқығын білген адам елдің болашағы үшін жауапкершілік алады. Бұл жастарға үлкен мүмкіндік», деді Сүйіндік Риза.
Халықаралық қауымдастық Конституциялық реформаның ашықтығын бағалады