Бүгін елордада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалының ресми ашылуы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Іс-шараға еліміздің жетекші қоғамдық-саяси партиялары мен қауымдастық өкілдері қатысты.
Қалалық коалицияға әртүрлі жастағы түрлі саланың 200-ге жуық өкілі қосылды. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, заңгерлер, депутаттар, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері, белсенді жастар, педагогтар, сонымен қатар, «AMANAT», «Respublica», «Ауыл», «Ақ жол», Қазақстан Халық партияларының жетекшілері мен өкілдері бар.
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Коалиция қалалық филиалының төрағасы Ерлан Каналимов жалпыұлттық коалиция қызметінің стратегиялық маңыздылығына тоқталып, конституциялық бастамаларды түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстың қажеттігін атап өтті.
«Жаңа Конституция – халықтық ортақ мақсатта ұлттық рухты нығайтуға ықпал ететін еліміздегі ең маңызды құжат. Ол елдік сананы бекемдеп, болашаққа бағыт сілтейді. Оның өзегінде адамның қадір-қасиеті мен құқығын бәрінен биік қоятын асыл ұстаным жатыр. Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалына әр буынның түрлі саладағы 200-ге жуық өкілі қосылып отыр», деді Ерлан Каналимов.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен жаңа Конституцияның өзегі адам мен оның құқығы екенін жеткізді. Құжатта қоғамды біріктіретін құндылықтар бекітілген: бірлік, ынтымақ, этносаралық келісім, егемендік, мемлекеттік территорияның біртұтастығы. Конституция Әділетті Қазақстанды, Заң мен тәртіп қағидатын, сонымен қатар болашақ ұрпақ алдында табиғат пен ұлттық құндылықты сақтау жауапкершілігін күшейтеді.
«Халықтық Конституция үшін» коалициясы ғалымдарды болашақ Қазақстанның құқықтық негізін қалыптастыруға шақырды
«Конституциялық реформа – қоғамның саяси жүйені жаңғыртуға, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған сұранысына берілген жауап. Өзгерістер туралы бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жариялап, заманауи орнықты және бәсекеге қабілетті жасанды интеллект дәуірінің сын-қатерлеріне дайын Қазақстанды қалыптастыруға бағытталды», деді Есет Байкен.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден өз сөзінде жаңа Конституцияның ұлттық рухты нығайтып, елді біріктіретін ең маңызды құжат екенін атап өтті.
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
«Бүгін маңызды әрі ауқымды жұмыс бастау алып жатыр. Жаңа Конституцияның басым бағыттары туралы бәріңіз хабардарсыздар. Енді осы оң өзгеріске бастайтын маңызды жобаны жұртшылыққа түсіндіру, дұрыс ақпарат жеткізу – үлкен міндетіміз», деді Табиғат Зейнұлқабден.
Коалиция филиалының қызметі аясында 1 000-ға жуық іс-шара өткізіліп, оған 700 мыңнан аса адам қатысады деп жоспарланған. Соның ішінде орталық деңгейде – 100-ге жуық іс-шара (6 мың адам), қалалық деңгейде – 700 іс-шара (660 мың адам), аудандық деңгейде шамамен 400 іс-шара (35 мың адам) өткізу көзделіп отыр.