• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:43

Ұландықтар самбодан ел чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

10 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында ересектер арасында самбодан ел чемпионаты өтті. Турнир еліміздің 19 аймағынан 600-ге жуық мықты спортшының басын қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қатысушылар техникалық дайындықтың жоғары деңгейін, асқақ рух пен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Кілемдегі жекпе-жектер қызу және әсерлі күрестермен ерекшеленді. Бұл дода елдің түкпір-түкпірінен жиналған мамандар мен жанкүйерлердің назарын аударды.

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогі кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің спорттық және жауынгерлік самбодағы жарқын жеңістері, өздерін сенімді түрде мәлімдеуі – назар аударуға әбден лайық.

Әскери қызметшілердің спорттық самбодағы нәтижелері:

58 келіге дейін: қатардағы Санжар Әли (6655 ә/б) III орын

64 келіге дейін: қатардағы Нұрсұлтан Нұрсейітов (7552 ә/б) III орын

71 келіге дейін: қатардағы Махамбет Қонысбай (3660 ә/б) III орын

79 келіге дейін: қатардағы Тілек Тоқтасынұлы (6636 ә/б) III орын

88 келіге дейін: қатардағы Азат Қуатов (6655 ә/б) III орын

98 келіге дейін: ефрейтор Еламан Қойшыбаев (6636 ә/б) II орын

98 келіден жоғары: қатардағы Болат Сапар (6636 ә/б) I орын

Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды

Жауынгерлік самбо нәтижелері:

53 келіге дейін: ефрейтор Жастілек Ахметбеков (6697 ә/б) III орын

58 келіге дейін: қатардағы Арман Тұрымбетов (6655 ә/б) I орын

64 келіге дейін: ефрейтор Манабек Әсембай (5518 ә/б) III орын

Жарыс қорытындысы бойынша әскери қызметшілер жалпы 10 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс, 7 қола.

Бокстан Қазақстан құрамасы Испаниядағы турнирде 6 алтын медаль жеңіп алды

Чемпионатта сәтті өнер көрсету құқықтық тәртіп әскері жауынгерлерінің дене шынықтыру және кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, сондай-ақ олардың республикалық спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін растады.

Соңғы жаңалықтар