• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 17:44

Қазақстанда күн күрт суытады

10 рет
көрсетілді

15 ақпан, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеріп, күн аязды әрі жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Еліміздің бірқатар өңірінде қауіпті метеорологиялық құбылыстар болады. 

Республиканың басым бөлігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде сақылдаған сары аяз сақталады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде жауын-шашын күтіледі. Синоптиктердің мәліметінше, бұл өңірлерде жолдарда көктайғақ болады, тұман түсіп, көріну мүмкіндігі шектеледі, желдің екпіні күшейеді.

Ертең Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жауады. Құтқару қызметкерлері мен синоптиктер таулы аймақ тұрғындары мен туристерге сақтық шараларын сақтауды ұсынды.

«Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтілуде. Алыс жолға шығатын жүргізушілер сақ болыңыздар», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар