• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Кеше

Ақтөбелік кәсіпорын жұмысшыларына жаңа Конституцияның басымдықтары айтылды

20 рет
көрсетілді

Ақтөбенің ферроқорытпа зауытында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Кездесуге облыстық мәслихат төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Гүлқасима Сүйінтаева, облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев және кәсіпорынның еңбек ұжымы қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Жиында сөз алған Гүлқасима Сүйінтаева жаңа Конституция жобасында еңбек құқығы, азаматтардың қауіпсіз еңбек жағдайы, уақтылы жалақы төлеу секілді маңызды міндеттемелер нақты айқындалғанын айтты. Оның айтуынша, құжаттың кіріспесінде еліміздің басты ұлттық құндылықтары көрініс тапқан. «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты айқын белгіленіп, адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде жарияланып отыр. Еңбек құқығының конституциялық деңгейде нығаюы әрбір жұмысшының құқығын қорғауға және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге құқықтық негіз қалыптастырады.

Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

Сондай-ақ 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумның маңызына тоқталып, ел болашағын айқындайтын құжатты халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жалғасатыны айтылды.

Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асып жатқан Конституциялық реформаның елдің саяси жаңғыруындағы шешуші қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысы мен заман талабына сай әзірленген. Алдағы референдум әр азаматқа ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Жоба мәтінінде әділеттілік, «Заң мен тәртіп» қағидаты және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәселелері қамтылған.

MNU профессорлары жаңа Конституция жобасын қолдады

Жиында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау әр азаматтың парызы екені де айтылды. Соңғы өткен бірлескен отырыстарда сарапшылар мемлекет дамуының стратегиялық бағыттары ретінде ғылым мен инновацияның маңызын ерекше атап өткен.

Вице-Президентті кім тағайындайды?

Кездесу соңында еңбек ұжымы өкілдері өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Жиын жаңа Конституция жобасын өндіріс орындары деңгейінде талқылаудың маңызын айқындап, қоғамдық қолдаудың артып келе жатқанын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар