• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 11:20

Қазақстанда бір жылда 847 млн текше метр су үнемделді

10 рет
көрсетілді

Су үнемдеу технологияларын енгізу елімізде 847 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік берген. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Былтыр 700 шақырым су арнасы қайта жаңғыртылса, биыл тағы 986 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 4 су қоймасы жаңартылды, осы жылы тағы да төрт нысанды жаңарту жұмыстары және 3 жаңа су қоймасының құрылысы басталады.Су ресурстарын кешенді басқарудың бас жоспарына негіз болатын сегіз бассейндік жоспарды әзірлеу аяқталады», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін еліміздің су-энергетика ресурстарының картасы әзірленеді.Суды үнемдеу мәселесі басым бағыт болып қала береді. Бүгінде суармалы жерлердің үштен бірінен астам бөлігі су үнемдеу технологияларымен қамтылған. Нәтижесінде өткен жылы 847 млн текше метр суды үнемдеу мүмкін болды. Алдағы уақытта жыл сайын қосымша 150 мың гектарға жуық алқапты қамту жоспарланып отыр. Бұл ретте Су ресурстары және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің алдында көрсеткіштердің әдейі бұрмалануына жол бермеу міндеті тұр.

Елімізде 11 мың шақырым автомобиль жолы жаңғыртылады

Сондай-ақ туристік саланы дамыту үшін Үкімет қабылдап жатқан шараларға назар аударылды. Ағымдағы міндеттер мен басымдықтарды ескере отырып, туристік саланы дамытуға арналған Кешенді жоспардың өзектілігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да атап өтілді.

Салада бірқатар ірі жоба жүзеге асып жатыр. Мәселен, Алматы тау кластерінің қолданыстағы инфрақұрылымын жаңғырту және жаңа нысандар салу жұмыстары, соның ішінде заманауи шаңғы курортының жобасы басталды. Қазіргі таңда 17 көтерме жол және 53 шақырым трасса жұмыс істеп тұр. Қосымша 46 көтерме жол мен 221 шақырым трасса іске қосылады. Құрылыс-монтаж жұмыстары көктемде басталады.

40 пайыздық меже: Үкімет халықтың нақты табысын қалай өсірмек?

Биыл Катонқарағай, Зайсан және Кендірліде жаңа әуежайлардың құрылысы аяқталады. Ол осы өңірлерде туризмді дамытуға қосымша серпін береді.

Соңғы жаңалықтар