Алдын ала мәліметке сәйкес, 36 жастағы әйел бесінші қабаттан әуелі 2021 жылы туған қызын, кейін 2023 жылы туған ұлын төменге тастаған. Балалар аман қалғанымен, ауыр жарақат алып, шұғыл түрде Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр.
Балаларын терезеден лақтырып жіберген әйел қылмыстық жауапкершіліктен құтылды
Жарияланған деректерге қарағанда, қайғылы жағдайға дейін әйел мен жұбайы арасында жанжал болған. Ер адам үйден шығып кеткен. Сондай-ақ әйелдің соңғы жылдары қатты бас ауруынан зардап шеккені айтылады.
Павлодар тұрғыны балаларын бесінші қабаттан лақтырып, артынан өзі секірген
Осы факті бойынша екі кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары басталғанын Жамбыл облысы полиция департаменті растады.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі кәмелетке толмаған бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, істің барлық мән-жайы жан-жақты әрі объективті түрде зерттеліп, тергеу қорытындысы бойынша заң талаптарына сай процессуалдық шешім қабылданады.