• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:29

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар жолдардағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылғы 9 ақпан, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түріне қозғалыс ашық:

Алматы облысы

РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 59-143 км (Жаңақұрылыс ауылы – Жамбыл облысының шекарасы).

«Жезқазған – Петропавл» тасжолында екі адам көз жұмды Жамбыл облысы

Аталған автожолдың «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 143-214 км (Алматы облысының шекарасы – Қордай ауылы).

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде қозғалыс шектелді:

Ұлытау облысы

«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 24-137 км (Сәтбаев қаласы – Ұлытау ауылы);

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 433-750 км (Жезқазған қаласы – Жаңаарқа кенті).

Абай облысы

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 778-967 км (Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы).

Алматы облысы

«Қонаев – Күрті» автожолы, 0-67 км (Қонаев қаласы – Күрті ауылы);

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 2295-2436 км (Қаншеңгел ауылы – Ақсай ауылы);

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 112-124 км (Шеңгелді ауылы – Жетісу облысының шекарасы).

Жетісу облысы

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 124-234 км (Алматы облысының шекарасы – Жамбыл ауылы);

«Сарыөзек – Көктал» автожолы, 3-68 км (Сарыөзек кенті – Алтынемел асуы);

«Үшарал – Достық» автожолы, 84-164 км (Көктұма кенті – Достық станциясы).

Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды Жамбыл облысы

РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238 км (Кенен ауылы – Қайнар ауылы). Қозғалыс Қордайдың ескі асуы арқылы жүзеге асады.

Ақтөбе облысы

Аталған автожолдың 0-77 км учаскесі (Жайсан өткізу бекеті – «ЭКО ойл» жанармай бекеті).

Батыс Қазақстан облысы

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолы, 393-526 км (Жымпиты кенті – Ақтөбе облысының шекарасы).

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында («Қалқаман» жол айрығы – Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу) жолайрықтағы көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында күрделі таулы жағдайға байланысты 2024-2025 жылғы қысқы кезеңде Осинов асуында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына 46-66 км (Солтүстік ауылының бұрылысы – Серебрянск қаласына бұрылыс) аралығында шектеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар