«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
2026 жылғы 7 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашық:
Ұлытау облысы«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 433-750 км (Жезқазған қаласы – Жаңаарқа кенті);
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 750-788 км (Жаңаарқа кенті – Қарағанды облысының шекарасы).
Жетісу облысы«Үшарал – Достық» автожолы, 84-164 км (Көктұма ауылы – Достық станциясы).
Қарағанды облысы«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 92-164 км (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау БӨП);
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 788-906 км (Ұлытау облысының шекарасы — Топар кенті);
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 970-1064 км (Қарағанды қаласы – Молодежный кенті);
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 1064-1135 км (Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы).
Павлодар облысы«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 1135-1206 км (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті);
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 254-431 км (Шідерті кенті – Атамекен кенті);
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 200-254 км (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті).
Ақмола облысы«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 30-92 км (Жібек Жолы БӨП – Қарағанды облысының шекарасы);
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 16-200 км (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).
Ауа райының қолайсыздығына байланысты мына учаскелерде қозғалысқа шектеу қойылды:
Абай облысы«Өскемен – Семей» автожолы, 103-198 км (ШҚО шекарасы – Семей қаласы);
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 778-1013 км (Аягөз қаласы – ШҚО шекарасы).
Шығыс Қазақстан облысы«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1013-1062 км (Абай облысының шекарасы – Рубеж бекеті);
«Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолы, 15-105 км (Белоусовка кенті – Риддер қаласы);
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1104-1191 км (Глубокое ауылы – Шемонаиха қаласы);
«Өскемен – Семей» автожолы, 10-103 км (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы).
Жамбыл облысы«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238 км (Кенен ауылы – Қайнар ауылы). Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.
Қарағанды облысыKAZ15 «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолы, 17-60 км (Қарағанды қаласы – Ботақара кенті);
KAZ01 «Астана – Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы» автожолы, 248-592 км (Атамекен кенті – Балқаш қаласы).
Павлодар облысыКөлік айрығының аралық құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының «Қалқаман» айрығы – Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығаберіс учаскесінде барлық көлік түрлері үшін уақытша қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы күрделі таулы жағдайларға байланысты Осинов асуында 46-66 км аралығында (Северный ауылының бұрылысы – Серебрянск қаласының бұрылысы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.