• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 05 Ақпан, 2026

Қысқы Олимпиада ойындары: Ұландық спортшылар ел намысын қорғайды

20 рет
көрсетілді

6-22 ақпан аралығында Италияда XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Қазақстан құрамасында ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиадаға қатысатын спортшылардың қатарында Юлия Галышева мен Абзал Әжіғалиев те бар.

Юлия Галышева – фристайл-могулдың атақты спортшысы, 2018 жылғы Пхенчхандағы Олимпиадада могул бойынша қола медаль жеңіп алған. Ол сондай-ақ Азия ойындары мен Әлем кубогі кезеңдерінің жүлдегері.

Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан көруге болады?

Абзал Әжіғалиев – шорт-трек бойынша Ұлттық ұланның командасында аға нұсқаушы, 2025 жылы Азия ойындарының чемпионы және бірнеше Әлем кубогі кезеңдерінің жүлдегері.

Сондай-ақ жас буын өкілі Илья Мизерн – қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы және негізгі құрамның спортшысы. Данил Васильев – трамплиннен секіру бойынша аға маман, FIS Кубогі және Гран-при жеңімпазы, Олимпиадаға жолдама алған.

Президент қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды

XXV қысқы Олимпиадада Ұлттық ұлан өкілдерінің қатысуы спорт, кәсіби қызмет және патриотизмнің үйлесімін көрсетеді. Олар халықаралық ареналарда Қазақстанның намысын қорғап қана қоймай, жас ұрпақ үшін адалдық пен рух үлгісін көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар