• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қаңтар, 2026

Ақтөбеде газ иісіне қатысты шағым көбейді: Мамандар неге себебін таба алмай отыр?

10 рет
көрсетілді

Ақтөбе тұрғындары соңғы бірнеше күн бойы қалада өткір газ иісінің сезілетініне жаппай шағымданып жатыр. Қала халқының айтуынша, жағымсыз иіс тек көшеде ғана емес, тұрғын үйлердің ішіне дейін тараған. Алайда газ қызметі де, экологтар да нақты себепті әзірге таба алған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

«QazaqGaz Aimaq» компаниясының Ақтөбе облыстық филиалы қалаға жеткізіліп жатқан газдың барлық талаптар мен стандарттарға сай екенін мәлімдеді. Мекеме өкілдерінің айтуынша, газдың ағуы немесе жоспардан тыс шығарылуы тіркелмеген.

Мәселеге байланысты экология мамандары да тексеру жұмыстарын жүргізген. Экология департаментінің мәлімдеуінше, 27-28 қаңтар күндері департамент мамандары қала аумағында атмосфералық ауаның сапасын анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді. Жүргізілген өлшеулердің нәтижесінде ластаушы заттардың (күкіртсутек, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, меркаптандар) шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кету дерегі анықталмаған.

Аймақтарды толық газдандыру жүйелі жүріп жатыр

Қазіргі уақытта экологтар «QazaqGaz Aimaq» мамандарымен бірлесіп, ауа сапасына қатысты қосымша өлшеулерді жалғастырып жатыр. Мамандар тұрғындар тарапынан түскен әрбір сигнал назарға алынатынын айтады.

Айта кетейік, Ақтөбе тұрғындары жағымсыз иіске қатысты мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Әсіресе жаз айларында бұл иіс қаланың басым бөлігінде сезілетіні жиі айтылады. 2025 жылы облыстық экология департаменті иістің көзі анықталғанын хабарлап, оның ауыл шаруашылығы мақсатында органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылған құс саңғырығынан шыққанын мәлімдеген еді. Алайда бұл жолғы жағдайдың себебі басқа болуы мүмкін деген болжам бар.

Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру жобасы артығымен орындалды

Соңғы жаңалықтар