Алматыда тұманға байланысты Air Astana авиакомпаниясының кейбір рейстері кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматыдан Airbus A320neo ұшақтарының рейстері ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатыр», деп мәлімдеді Air Astana компаниясы.
Жолаушыларға рейстердің мәртебесін алдын ала әуе компанияларынан нақтылап, әуежайдың ресми ресурстарындағы жаңартуларды қадағалау ұсынылады.
Айта кетейік, бұған дейін Астана – Балқаш бағытында әуе рейсі қайта ашылатынын хабарлаған едік.