Қазақстанда медициналық құрал-жабдықтардың жалған өндірісімен айналысқан компания анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, «OrdaMed» АҚ Қазақстандағы өндірісі туралы жалған құжаттарды пайдаланып, ел ауруханаларына өмірлік маңызы бар медициналық бұйымдарды жеткізуге жеңілдіктер алған. Іс жүзінде дайын жабдықтар шетелден әкелінген.
Күніне 150 жалған пациент: Елордалық клиника басшысы қор қаржысын қалай жымқырған?
Аталған дерек бойынша компанияның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды.
Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырған
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.