• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Қаңтар, 2026

Мергендердің тамаша жетістігі

11 рет
көрсетілді

Қатардың бас шаһары – Дохада стенд атудан Азия чемпионаты аяқталды. 10 жүл­де жиынтығы сарапқа салынған жарыста еліміздің құрамасы зор табысқа қол жеткізді.

Жекелеген сайыста Әдел Садақ­баеваға тең келер ешкім табылмады. Бәсекені басынан аяғына дейін бір деммен өткізіп, еш қателік жібермеген Әдел барлық қарсыласын басып озып, алтыннан алқа тақты. Дәл сол «скитте» құрамында Әдел Садақбаева, Ольга Хайлова, Әсем Орынбай сынды сұлулары бар біздің команда бас жүлдені олжалады. Сол секілді «трапта» да бұрымдыларымыз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Команда сапында Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина, Нарқыз Сарманова өнер көрсетті.

Жарыс барысында отандастарымыз 3 алтыннан бөлек, 3 күміс, 3 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте жеке-дара көш бастады. Екінші, үшінші орындарда – Қатар (3+3+0), Кувейт (2+2+0). Үздік бестікті Тайпей (1+1+0) мен Пәкістан (1+0+0) түйіндеді.

 

Соңғы жаңалықтар