Бес жасар қызының өліміне себепші болған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полициясының мәлімдеуінше, 18 қаңтар күні Ольшанка ауылында тұратын әйел кішкентай қызын үйде жалғыз қалдырып, өзі қонаққа кеткен. Сол кезде тұрғын үйден өрт шығып, өрт сөндірушілер жеткенше үй толықтай жанып, шатыры опырылған. Қираған үйдің астынан қыз баланың мәйіті табылды.
Түркістан облысындағы өрттен 12 адам қаза тапты: Оқиға орнынан фото мен видеолар жарияланды
Әйел қамауға алынған. Қылмыстық кодекстің 119-бабы бойынша оған 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Жеке үйлердегі өрт: Қауіп қайдан төнеді?