• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 22 Қаңтар, 2026

NASA байқау жариялады

10 рет
көрсетілді

NASA ұзақмерзімді ғарыштық миссияларға арналған «Mars to Table Challenge» атты халықаралық байқау жариялады. Жүлде қоры – 750 мың АҚШ доллары.

Байқауға қатысушылар Ай мен Марсқа бағытталған экспедицияларда автономды жұмыс істейтін, экипажды толыққанды тағаммен қамтамасыз ете алатын тамақтану жүйелерін ұсынуға тиіс. Адамдарды Ай мен Марсқа ұзақ уақытқа жіберу үшін тағам жүйесі жерден үздіксіз жеткізілімге тәуелді болмауы қажет. Осы мақсатта «Mars to Table Challenge» аясында қатысушылар азық-түлік өндіру, сақтау, тұтыну мәселелеріне шешім табады. Маңызды шарттардың бірі – Жерден әкелінетін өнімдердің үлесі жалпы көлемнің 50 пайызынан аспауы керек.

 

Соңғы жаңалықтар