• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қаңтар, 2026

Жапония соты экс-премьерді өлтірген қылмыскерге қатысты үкім шығарды

30 рет
көрсетілді

Жапонияда бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэні өлтірді деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, 45 жастағы Тэцуя Ямагами 2022 жылдың 8 шілдесінде Нара қаласында сайлаушылар алдында сөз сөйлеп тұрған саясаткерге екі рет оқ атқан. Қаскөй оқиға орнында ұсталып, кейін оған психиатриялық сараптама тағайындалды. Ямагами Синдзо Абэні «Шіркеу бірлестігі» ұйымына қатысы бар деп есептеген. Оның айтуынша, анасы аталған ұйымға ірі көлемде қайырымдылық жасап, салдарынан барлық жинақ ақшасынан айырылған. 2025 жылдың қазан айында өткен алғашқы сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындады.

Оңтүстік Корея президентіне жасалған қастандық «теракт» деп танылды

Сотта прокурорлар оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал қорғаушы тарап Ямагамиді «діни зорлық-зомбылықтың құрбаны» деп атап, жазаны 20 жылға дейін жеңілдетуді өтінді. Адвокаттар қылмыстың жасалуын сотталушының балалық шағындағы қиындықтарымен және оның қолдан жасалған құрылғыны пайдалануына байланысты «отты қару туралы заңды» бұзбағанымен негіздеуге тырысты.

Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады

Тэцуя Ямагами экс-премьерге деген жеккөрінішін мойындағанымен, бастапқыда ұйым жетекшілеріне шабуыл жасауды жоспарлағанын айтты. Алайда айыптаушы тарап бұл уәждерді қабылдамады.

Бұл жағдай Жапонияда 1960 жылдары Оңтүстік Кореядан келген «Шіркеу бірлестігінің» қызметін тексеруге түрткі болды. 2025 жылдың наурызында Токио соты аталған ұйымды діни корпорация мәртебесінен айырды. 

Соңғы жаңалықтар