«Манчестер Сити» футбол командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов туралы пікірін білдіріп, футболшының соңғы айларда қарқынды өсіп келе жатқанын айтты. Каталондық маман жас қорғаушының тұрақты әрі сенімді ойынына риза екенін жасырмады, деп жазады Egemen.kz.
Бас бапкер қорғаушының қыркүйекте «Арсеналға» қарсы матчта алған жарақатынан кейін бір ай бойы ойыннан тыс қалған кезеңіне де тоқталды. Оның айтуынша, дәл осындай сәттер футболшының мінезін айқындайды.
«Арсеналмен ойыннан кейін бір ай өтті, ол бір минут та алаңға шықпады. Ұзақ ай. Сол кезде оның жаттығуда, киім ауыстыратын бөлмеде өзін қалай ұстағанын елестетіңіз. Хусановты анықтайтын да осы. Қиын кезеңде ойыншының команда үшін қалай әрекет ететіні оның болмысын көрсетеді», деді Гвардиола.
Каталондық маман өзбек футболшысының жоғары кәсібилігін де атап өтті:
«Ол Францияда бірнеше ай ойнап, бірден Премьер-лигаға, «Манчестер Ситиге» келді. Бұл оңай ауысым емес. Бірақ ол тыңдайды, үйренеді, ең бастысы, оның қабілеті ерекше. Сондықтан «Манчестер Ситиде» ұзақ жылдар ойнайтын жоғары деңгейлі қорғаушы бар», деп түйіндеді бапкер.
Ағылшын примьер лигасының 22-туры аясында «Манчестер Юнайтедтен» 0:2 есебімен жеңілген соңғы ойында да Хусанов командадағы ең сенімді футболшылардың бірі атанды. Қорғаушы қорғаныста нық қимылдап, қарсыластың бірнеше жылдам шабуылын тоқтатты, осылайша бапкерлік штабтың сенімін ақтады.
«Реал» Холандқа көз тігіп отыр: Клуб президенті «Манчестер Сити» жұлдызын қатарға қосуды қалайды
Абдукодир Хусанов «Манчестер Ситиге» 2025 жылдың қаңтарында француздың «Ланс» клубынан 40 млн еуроға ауысып, Өзбекстан тарихындағы ең қымбат футболшы атанған еді. Қазіргі маусымда 21 жастағы қорғаушы барлық турнирде 14 матч өткізіп, Пеп Гвардиоланың негізгі құрамындағы орнын біртіндеп нығайтып келеді.
«Қайрат» өз алаңында «Брюггені» қабылдайды