Тау шаңғысынан Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирдің алып слалом сайысында Александра Скороходова алтыннан алқа тақты. Күміс, қола медальдарды канадалық Симона Сент-Пьер мен америкалық Ноэль Рот иеленді. Былтырғы қарашада Скороходова Финляндиядағы жарыста алдына жан салмай, желтоқсанда Италиядағы бәсекеде жүлдегерлер қатарына қосылған еді.