• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2026

Семейде «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды

11 рет
көрсетілді

 Семей қаласында ұлттық ойындарды дәріптеуге бағытталған «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі өз жұмысын бастады. Үйірме Абай облысының Қоғамдық келісім орталығы мен өңірлік тоғызқұмалақ федерациясының бірлесуімен ашылды, деп жазады Egemen.kz.

 

Үйірменің ашылу рәсімі облыстық Достық үйінде өтті. Аталған мәдени-спорттық іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 29 желтоқсанда жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында көрсетілген жастардың ой-өрісін кеңейту және қоғамдық келісімді нығайту міндеттері аясында ұйымдастырылды.

Тоғызқұмалақ – халқымыздың сан ғасырлық ой-өрісін дамытқан зияткерлік дода. Ол есепке жүйрік болуды, алдағы қадамды алдын ала саралауды және тактикалық ұтымтал шешім қабылдауды қалыптастыратын ойын. Сонымен қатар тоғызқұмалақ ойыны хакім Абайдың да сүйікті ойындарының бірі болғаны белгілі. Бұл туралы абайтанушылар мен қатар М.Әуезовтің «Абай жолы» романында да көрініс береді. Сондықтан да тоғызқұмалақ ойының Абай елінде дамуы заңды құбылыс болса керек.

Маңғыстаулық оқушы тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды

– Былтыр Президент жарлығымен бекітілген тұжырымдама аясында зияткер ұлт қалыптастыру мақсатында осы идеяны қолға алған болатынбыз. Оған облыстағы этномәдени бірлестіктері мен әлеуметтік серіктестерімізді шақырып отырмыз, – дейді Достық үйінің әдіскері Ерсін Өрлеубек.

Үйірмені тәжірибелі жаттықтырушы Леонид Парфиев жүргізеді. Оның айтуынша, ол тоғызқұмалақ ойынымен 2000 жылдан бері айналысып келеді.

– 2016 жылдан бастап спорт мектебінде кәсіби жаттықтырушы ретінде жұмыс істедім. Соңғы жылдары шәкірттерім халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Атап айтқанда, өткен жылдың қараша айында Малика Әсемханова әлем чемпионы атанған, – деді жаттықтырушы. 

Іс-шара барысында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Әлин үйірменің тәрбиелік маңызына тоқталды.

Тоғызқұмалақ – ойын ғана емес, ұлттың рухани қазынасы – Мақсат Шотаев

– Мұны үлкендерге ғана арналған деген түсінік дұрыс емес. Тоғызқұмалақ ойыны жастар мен балалардың ойлау жүйесін дамытатын маңызды құрал. Бұл ойын хакім Абайдың өзі ерекше мән берген зияткерлік мұраның бірі, – деді ол.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Ассамблея жастары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Үйірменің ашылуына қатысқан Ульяна Абашеваның бұл тек зияткерлік ойын ғана емес, этносаралық мәдени байланыстың жарқын үлгісі.

– Бұл – халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Терең тарихы бар ұлттық үстел ойыны. Үйірменің ашылуы ұлттық құндылықтарды насихаттауға және жастардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Тоғызқұмалақ ойынының негізгі мақсаты – логикалық ойлауды, стратегиялық жоспарлауды, алға қарай ой қорыта білуді, сондай-ақ шыдамдылық пен зейінділікті дамыту. Ойын барысында қатысушылар қарсыластың әрбір жүрісін талдап, дұрыс шешім қабылдауға, өз әрекеттерін алдын ала жоспарлауға үйренеді. Үйірменің ашылу барысында біз Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихымен, ережелерімен және негізгі қағидаларымен таныстық. Іс-шара өте қызықты әрі әсерлі өтті. Сабақ барысында барша қатысушылар белсенділік танытып, ойынға деген үлкен қызығушылық көрсетті. Алдағы уақытта үйірме жұмысына тұрақты түрде қатысып, тоғызқұмалақ ойынын тереңірек меңгеріп, ойын шеберлігін жетілдіргіміз келеді. Ұлттық ойын арқылы зияткерлік қабілеттерімізді дамытып, мәдени мұрамызға деген құрметімізді арттырамыз деп сенеміз, – дейді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үйірменің басты мақсаты ұлттық зияткерлік ойындарды кеңінен насихаттау ғана емес, сонымен қатар этносаралық татулықты нығайтып, ортақ қызығушылық негізінде жастарды біріктіру. Тоғызқұмалақ адал бәсекені дәріптеп қана қоймай, жастардың бір-бірімен жақын араласып, ортақ іске ұйысуына мүмкіндік бермек.

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар